Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясындағы қызметінен босатылды

Бұл туралы "Ауыл" партиясының баспасөз қызметі мәлімдеді
"Ауыл" партиясының ресми сайтында саяси кеңес төралқасының соңғы отырысының қорытындысы жарияланды.
Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – партия төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаевты қызметінен босату болды.
"Төралқа мүшелері бұл шешімді бірауыздан қолдады", – деп мәлімдеді партияның баспасөз қызметі.