Жаңалықтар

Жоғалған 6 азамат табылды

Жоғалған 6 азамат табылды

Жамбыл облысында ТМД елдерінің аумағы бойынша «Іздестіру» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Рейдтің алғашқы күні Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері іздеуде жүрген 11 қылмыскерді ұстады. Сонымен қатар, хабар-ошарсыз кеткен алты азаматтың орналасқан жері анықталды. «ТМД елдерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде Жамбыл облысының аумағында екі қылмыскердің орналасқан жері анықталып, үшеуі Ресей мен Қырғызстан аумағында ұсталды. Мәселен, Қырғыз Республикасының Талас қаласынан 4 жыл бойы із-түзсіз жоғалып кеткен 39 жастағы Қазақстан азаматы анықталды» делінген полиция депараментінің хабарламасында.