Жоғарғы сот Бақытжан Байжановтың шағымын қарамайтын болды
Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылған
4 жылға бас бостандығынан айырылған Бақытжан Байжановтың шағымы Жоғарғы сотта қаралмайтын болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Halyq Uni.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетейік, бұған дейін Жоғарғы соттың Бақытжан Байжановтың шағымын қарайтыны айтылды. Ол сот актісіне келіспей, Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірген. Байжанов 26 тамызда сот актілеріне қатысты кассациялық шағымын қайтарды. Соған байланысты өтінішхаты қаралмайтын болды, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болған. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды.