Жуалыда Наурыз мерекесіне орай аударыспақтан аудандық жарыс өтті

Жарыстың басты мақсаты – ұлттық спортты дәріптеу, жас буынға қазақтың дәстүрлі ойындарын кеңінен насихаттау және оларды спортқа баулу
Жуалы ауданында «22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне орай аударыспақтан аудандық жарыс ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аударыспақ – білектің күші мен ептілікті талап ететін ұлттық ойындардың бірі. Бұл додада ауданның ең мықты балуандары абсолюттік салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жарыс барысында шабандоздар бір-бірін ат үстінен аударып түсіруге бар күшін салды. Көпшілік асыға күткен тартысты сайыста спортшылар өз шеберліктерін көрсетіп, көрермендерге әсерлі сәттер сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1-орын: Айзат Жылқыбай (Ақсай ауылдық округі)
2-орын: Елжан Тілепберген (Мыңбұлақ ауылдық округі)
3-орын: Халық Рамазан (Жетітөбе ауылдық округі)
Жеңімпаздарға кубок, медаль, арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.