Журналист Қалыбек Атжан жайлы естелік кітап жарық көрді

0 13

Телевизияның қара нары атанып кеткен белгілі журналист Қалыбек Атжан жайлы естелік кітап жарық көрді. «Қазақтың Қалыбегі» деген атаумен шыққан туындыға журналисттің жары Рақия Сүлейменқызы балаларымен бірге ұйытқы болған.
Қалыбек Атжан журналистиканың дамуына зор үлес қосып, өзіндік қолтаңбасын қалдырған ардақты азамат. Оның әрбір сюжетінен ұлттық рух пен туған елге деген жанашырлық байқалып тұратын. «Бізге керегі – халықтың арасында көбірек жүру» деген сөзі де көпшіліктің есінде. Ол осы ұстанымынан еш айныған емес. Елмен етене болып, қашанда халқының сөзін сөйледі.Қазақ телевизиясында «стендап» тәсілін ең алғаш қолданған да Қалыбек Атжан болатын. 1994 жылы, Ташкент қаласында.
Айта кетейік, бірнеше облыстық телеарнаны басқарып, Ұлттық арнаның аймақтағы тілшілер қосынына жетекшілік еткен белгілі журналист бүкіл әлемді әуреге салған індеттен өткен жылы тоғызыншы тамызда көз жұмған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.