Жыл басынан бері 1 мыңға жуық отбасы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды

0 11

Жыл басынан бері 1 мыңға жуық отбасы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды 2021 жылғы 16 шілде 11:38Бөлісіңіз: НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — 2021 жылдың 6 айында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 347 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 1 шілдедегі жағдай бойынша 347,4 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты. 253,6 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 141,5 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды . Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқамерзімді курстарға 12 мың адам жіберілді. 3,6 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңілдікті микрокредиттер, ал 15 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік грант алды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 126,7 мың адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 15,3 мың адам; жастар практикасына – 11,3 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 100,1 мың адам. Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 967 отбасы немесе 3 102 адам қоныс аударды, оның ішінде 1 346 адам еңбекке қабілетті жаста. Оның ішінде 906 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналастырылды және 60 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналасты. Оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді. Қысқамерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды. Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.