Жаңалықтар

Жыл басынан бері 45 000-нан астам педагог біліктілігін арттырды

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі ресми сайтында жарияланды

Елімізде жыл басынан бері 45 000-нан астам педагог біліктілігін арттырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының хабарлауынша, 2024 жылдың 1 жартыжылдығында мектепке дейінгі білім беру бойынша 8 595 педагог білімін жетілдірсе, орта білім беру бойынша 36 707 педагог оқытылған. 

Ал жыл соңына дейін тағы 80 000-нан астам педагогтің білімін жетілдіру жоспарланған.