Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 141 қылмыстық іс қозғалды
Оның ішінде 7-еуі ағза сату, 19-ы жезөкшелікке тартуға байланысты.
Мәжіліс депутаты Марат Башимов 2025 жылдың 19 қыркүйегінде өткен "Заң және тәртіп: адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері" тақырыбындағы дөңгелек үстелде қылмыстық істерге қатысты статистиканы жария етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның сөзінше, қабылданған заңның тиімділігін тек қана сандар емес, практикалық нәтижелер де көрсетіп отыр.