Жаңалықтар

Жыл басынан бері Жамбыл облысында мал ұрлығының 48 дерегі тіркелген

Жыл басынан бері Жамбыл облысында мал ұрлығының 48 дерегі тіркелген

Жыл басынан бері Жамбыл облысында мал ұрлығының 48 дерегі тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,6% - ға төмен. Ағымдағы жылдың 5 айында мал ұрлығымен айналысқан 38 адам, сондай- ақ 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленіп, барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Облыс аумағында ұрланған 900-ден астам мал басы табылып, иелеріне қайтарылды.