Жүлделі орындар үшін таласатын командалар анықталды

0

Шайбалы хоккейден Латвияда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алған командалар анықталды.

Ширек финалдық сайыста АҚШ құрамасы Словакияның тас-талқанын шығарды. Есеп – 6:1. Бұл матчта Колин Блэквелл мен Конор Гарланд дубль авторы атанса, Брайан Бойл мен Александр Хмелевски бір-бір голдан соқты. Словакиялықтар қатарынан Петер Цегларик қана шайбаны торда тулата алды.

Финляндия мен Чехия арасындағы бәсекенің тағдырын екінші кезеңде Суоми елінің сұрмергені Йере Иннала соққан жалғыз гол шешті – 1:0.

Германия мен Швейцария арасындағы кездесуде жеңімпаз команда буллит соғу барысында анықталды. Бұл ретте немістердің бағы жанды – 3:2. Канаданың хоккейшілері Ресей құрамасын овертаймда ұтты – 2:1.

Жартылай финалдық бәсекелер 5 маусымда өтеді. Бұл кездесулерде АҚШ пен Канада және Финляндия мен Германия күш сынасады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.