Жаңалықтар

«Өзіме мүлде ұнамаймын»: желіде жазба жариялаған Мақпал Исабекова оқырмандарын ойландырып қойды

Әнші қазіргі таңда ем алып жүр

Әнші Мақпал Исабекова желідегі парақшасына ем алып жүргенін, дәрі-дәрмек көп ішкеннен ісіп кеткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

«Шынымды айтсам, қазір мен өзіме мүлде ұнамаймын. Айға жуық уақыт қан қысымына арналған дәрі ішіп жүргендіктен, бетім ісіп кетеді. Бұл дәрінің әсері. Бір ай тоқтамай ішімдік ішіп жүрген адам сияқты бет-аузым көлкілдеп кетеді. Суретке түсу тұрмақ, айнаға қарағым келмейді», - деп жазған әнші. 

Еске салайық, өнер иесі шілде айында екінші перзентін дүниеге әкелген болатын.