Жаңалықтар

«Зорлау фактісі расталған жоқ»: Полиция Жанқош Тұраровты кінәсіз деп мәлімдеді

Іс тоқтатылған

Алматы қалалық Полиция департаменті бокстан әлем чемпионы Жанқош Тұраровқа қатысты дау туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.1bol.kz сілтеме жасап. 

Естеріңізде болса, 21 тамызда 1996 жылы туған бойжеткен Алматының Әуезов аудандық полициясына Тұраровтың өзін зорлағаны туралы шағыммен келген. Көп ұзамай полиция қылмыстық іс қозғалғанын алға тартқанымен, боксшының өзі бұл сөздерді жоққа шағырды. Осы орайда тілшілер тағылған айыпқа екі айдан асса да Жанқош Тұраровтың неліктен бостандықта жүргенін сұраған.

Ал істің тоқтатылуына  қатысты жәбірленуші тарап ешқандай пікір берген жоқ.