сейсенбі, 6 мамыр, 2025 9:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қытайда ядросыз сутегі бомбасы сынақтан өтті

Қытайда ядросыз сутегі бомбасы сынақтан өтті
Pixabay.com
Бұл туралы The Bell басылымы South China Morning Post ақпаратына сүйеніп мәлімдеді

Қытай ғалымдары ядролық қару қолданбай-ақ сутегі бомбасын сәтті сынап көрді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Құралды Қытайдың кеме жасау саласына қарасты 705-зерттеу институты жасаған. Әдетте бұл мекеме суасты қару-жарақтарын әзірлеумен айналысады.

Бомба құрамында сутегіге бай магний гидриді деп аталатын арнайы ұнтақ пайдаланылған. Бастапқыда бұл зат шалғай аймақтарды энергиямен қамту үшін жасалған болатын.

Салмағы небәрі 2 келі болатын бұл құрылғы ядролық құрамдарсыз-ақ 1000 градустан асатын жалынды шар тудырып, ол 2 секундтан артық уақыт бойы сақталған. Бұл – кәдімгі тротил жарылығына қарағанда 15 есе ұзақ.

 

 

Бөлісу:
Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар