Жаңалықтар
Израиль Йеменнің портты қаласына әуе шабуылын жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 6 мамыр, 2025
- 163

Израильдің Әскери-әуе күштері Йемендегі Ходейда портты қаласына соққы берді. Бұл туралы The Times of Israel мәлімдеді.
Бұл шабуыл 4 мамырда хуситтердің Бен-Гурион әуежайына жасаған зымырандық соққысына жауап ретінде жүзеге асқан, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сол шабуылда бірнеше адам жарақат алды.
Израиль армиясының мәліметінше, соққы хуситтердің жағалау бойындағы инфрақұрылымына бағытталған. Атап айтқанда, Ходейда порты мен Баджил қаласына жақын маңдағы цемент зауытына шабуыл жасалған.
Израиль тарапы бұл портты хуситтердің Ираннан қару-жарақ пен әскери техника алмасу үшін, сондай-ақ басқа да террористік мақсаттарда пайдаланатынын айтады. Ал Баджилдегі цемент зауыты хуситтердің экономикалық тірегі саналып, туннельдер мен әскери инфрақұрылым салуға қолданылып жатыр деген мәлімет бар.
Келесі мақала