Жаңалықтар
Ертең Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқалы отырысы өтеді
- авторАрайлы Жақсылық
- 22 маусым, 2025
- 1.3k
Алқалы жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен құқық қорғау саласындағы өзекті мәселелер қаралады деп жоспарланып отыр.
Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Жиынға Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері қатысады.
Кеңейтілген отырыс барысында құқық қорғау жүйесін жетілдіру, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ қаржылық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Үшаралдағы ұлы думан: бірлік пен дәстүр тоғысқан күн
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 наурыз, 2026





