сейсенбі, 7 сәуір, 2026 14:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

100-ден астам адам көз жұмған: Бангладеште қызылша өршіп тұр

100-ден астам адам көз жұмған: Бангладеште қызылша өршіп тұр
istockphoto.com
Денсаулық сақтау саласы өкілдерінің айтуынша, науқастардың шамамен үштен бірі 9 айға толмаған сәбилер.

Бангладеште қызылша ауруының күрт көбеюіне байланысты шұғыл иммундау науқаны басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Соңғы үш апта ішінде бұл дерттен 100-ден астам адам көз жұмған, олардың басым бөлігі – балалар.

Елдегі қолданыстағы ережеге сай, қызылшаға қарсы вакцина балаларға 9 айлық жастан бастап салынады. Сондай-ақ әр төрт жыл сайын қосымша екпе науқандары жүргізілуі тиіс. Алайда соңғы жылдары мұндай жұмыстар тоқтап қалған.

Денсаулық сақтау саласы өкілдерінің айтуынша, науқастардың шамамен үштен бірі 9 айға толмаған сәбилер.

ЮНИСЕФ ұйымының Бангладештегі өкілі Рана Флауэрс жағдайдың күрделенуін вакцинацияның ұзақ уақыт жүргізілмеуімен байланыстырады. Оның айтуынша, 2020 жылдан кейін бұл бағыттағы жұмыстар COVID-19 пандемиясы мен елдегі саяси тұрақсыздық салдарынан үзіліп қалған.

Айта кетейік, 2024 жылы жаппай наразылықтардан кейін елдің бұрынғы премьер-министрі қызметінен кетіп, уақытша үкімет құрылған болатын. Жаңа билік тек биыл ақпан айында жасақталды. Қазіргі таңда вакцина тапшылығы мен алдын алу шараларының әлсіреуіне сол кезең әсер еткені айтылуда.

ЮНИСЕФ дерегінше, Бангладеште бұрын иммундау деңгейі жоғары болғанымен, қысқа мерзімдік үзілістің өзі халықтың ұжымдық иммунитетіне айтарлықтай кері әсер еткен.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар