жексенбі, 26 сәуір, 2026 14:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Трамп қатысқан шарада төтенше жағдай орын алды

Трамп қатысқан шарада төтенше жағдай орын алды
theguardian.com
Алдын ала ақпарат бойынша, қарулы адам ғимараттың қауіпсіздік аймағына жақын маңда бірнеше рет оқ атқан.

АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен Ақ үй тілшілерінің дәстүрлі кешкі асы кезінде күтпеген жағдай орын алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Washington Post басылымына сілтеме жасап.

Оқиға кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп залда болған. Оқ дауысы естілген сәтте Құпия қызмет қызметкерлері оны дереу қауіпсіз жерге алып кеткен.

Ақ үйдің ресми мәліметіне сүйенсек, президентке ешқандай зиян келмеген. Сондай-ақ кешке қатысқан вице-президент Джей Ди Вэнс те қауіпсіздік мақсатында эвакуацияланды.

Алдын ала ақпарат бойынша, қарулы адам ғимараттың қауіпсіздік аймағына жақын маңда бірнеше рет оқ атқан. Атыс залдың ішінде емес, сыртқы бақылау аумағында болған. Қауіпсіздік қызметі күдіктіні жедел түрде қолға түсірді.

Күдікті ретінде Калифорниядан келген 31 жастағы Коул Томас Аллен аталады. Ол кешкі асқа арнайы шақырумен қатысқан болуы мүмкін.

Ресми дерекке сәйкес, шараға жиналған қонақтардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Тек бір қауіпсіздік қызметкері оқ өткізбейтін кеудешенің арқасында аман қалған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар