сәрсенбі, 22 сәуір, 2026 13:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлемдегі ең ірі айсберг толық еріп кетуге жақын қалды

Әлемдегі ең ірі айсберг толық еріп кетуге жақын қалды
Фото: ААНИИ/Вадим Махоров
Бұл туралы Арктика және Антарктика ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметі мәлім етті.

А23а айсбергі 2025 жылға дейін Жер шарындағы ең ірі мұз жамылғысы ретінде белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазіргі таңда ол Оңтүстік мұхит аумағында қозғалыс барысында бөлшектеніп, тез қарқынмен еріп барады.

Ғалымдар бірнеше ондаған жыл бойы бақылауда болған алып айсбергтің өмірлік кезеңі аяқталуға жақын екенін мәлімдеді. Уақыт өте келе мұз кесегі ұсақ бөліктерге ыдырап, бастапқы көлемінің шамамен 99 пайызынан айырылған.

Айта кетсек, А23а 1986 жылы Фильхнер шельфтік мұздығы аумағынан бөлініп шыққан. Ол кезде айсбергтің ауданы шамамен 4170 шаршы шақырым болған. Ұзақ уақыт бойы, нақтырақ айтқанда 30 жылдан астам мерзімде, ол Уэдделл теңізі орталығында қозғалыссыз тұрған. Кейін ғана Антарктида жағалауын бойлай жылжи бастады. 2023 жылдың қарашасында алғаш рет ашық суға шықты.

Өткен жылы айсберг Оңтүстік Георгия аралы маңына жетіп, шамамен 80 шақырым қашықтықта қайтадан тоқтап қалған. Сол жерде бірнеше ай тұрып, кейін қозғалысын жалғастырды. Тамыз айында оның құрамынан ауданы 60 пен 300 шаршы шақырым аралығындағы үш ірі бөлік бөлініп, сол сәттен бастап ол әлемдегі ең үлкен айсберг мәртебесінен айырылды.

Мамандардың дерегінше, 2025 жылдың қаңтарында мұз кесегінің ауданы шамамен 1300 шаршы шақырымды құраған. Ал қазіргі таңда оның көлемі 50 шаршы шақырымнан да азайған. Соңғы үш ай ішінде айсберг шамамен 1000 шақырым қашықтықты жүріп өтіп, Оңтүстік пен Атлант мұхиттарының шекарасына дейін жеткен. Қазір ол 49° оңтүстік ендік маңында ашық суда еріп, біртіндеп жойылып бара жатыр.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар