Бұзақы жастарды тәрбиелеу үшін классикалық музыка қолданылуда
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 10:50
- 43
Ливерпуль билігі қоғамдық тәртіпті сақтаудың жаңа тәсілін енгізбек, деп хабарлайды Jambylinfo.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Қаланың бір ауданында көше шамдарына орнатылған динамиктер арқылы классикалық музыка қойылып жатыр. Жоба тәртіп бұзуға бейім жастардың жиналуына тосқауыл қоюды көздейді.
BBC мәліметінше, бұл бастаманы жергілікті полиция мен қалалық кеңес бірлесіп қолға алған. Олар музыканы қоғамдық тәртіпсіздіктің алдын алуға ықпал ететін тиімді құрал ретінде қарастырады.
Алайда бұл шешіммен келіспейтіндер де бар. Ливерпульдегі кейбір классикалық музыка өкілдері мұндай қадам классикалық өнерді тек ауқатты топқа тән деген түсінікті күшейтуі мүмкін екенін айтады. Сонымен қатар олар қалалық кеңес қаржыландырып отырған Ливерпуль симфониялық оркестрінің жергілікті тұрғындармен тығыз жұмыс істеп, балалардың дамуына үлес қосып жүргенін де атап өтті.





