Павлодарда салынып жатқан көпірден тағы да өрт шықты
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 10:28
- 47
Кеше Павлодар облыстық ТЖД-нің «101» нөміріне салынып жатқан көпірде өрт шыққаны жөнінде хабар түсті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жылу оқшаулағыш материалдар мен ағаш құрылымдардың жанғанын анықтады.
Өрт ошағы жерден шамамен 30 метр биіктікте орналасқанына қарамастан, құтқарушылар қиын жағдайды еңсеріп, жалынды қысқа уақыт ішінде 160 шаршы метр аумақта толықтай сөндірді.
Тілсіз жаудың әрі қарай таралуына және көпір конструкцияларына зиян келтіруіне жол берілмеді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталу үстінде.
Айта кету керек, Ертіс өзені арқылы өтетін бұл бірегей көпір Павлодарда бір жыл ішінде екінші рет өртеніп отыр. Бұған дейін, 31 қаңтар күні кешке, дәл осы аймақта салынып жатқан көпірде өрт болған еді.





