АҚШ пен Қытай тағы дауласты
Қытай үкіметі жеке ақпараттарға, қауіпсіздікке нұқсан келтіреді деп бірқатар мемлекетте тыйым салынған Tik tok қосымшасының АҚШ-пен жұмыс істеуіне қарсылық білдіретінін хабарлады.
Қосымшаның жасаушысы ByteDance бағдарламаны қызығушылық танытқан АҚШ-тық компанияларға сататынын хабарлаған-ды. Олардың ішінде Microsoft пен Oracle сынды магнаттар да бар. Алайда АҚШ үкіметі, әсіресе президент Трамп бұл бағдараламаның Америка жеріне келуіне қарсылығын білдірді. Ол ByteDance-ке қыркүйектің ортасына дейін келісімді аяқтауға уақыт берді.
Ал ByteDance иесі Reuters агенттігіне берген сұхбатында Қытай үкіметінің аталған бағдарламаны АҚШ-тың ерекше назарға алатынын, тіпті мемлекетте пайдалануға тыйым салатынынын болжамағанын да айтады.
Қытайдың Мемлекеттік кеңесінің ақпараттық бюросы мен Сыртқы істер министрлігі бұл мәлімдемеге бірден жауап берген жоқ. Алайда бірнеше күннен кейін Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Жао Лижиан АҚШ-қа қауіпсіздікті сылтау етіп шетелдік компанияларға қысым көрсету тоқтатылуы тиіс екенін айтты.
Бағдарламаның жұмыс істеп-істемеуіне қатысты даудың астарында екі державаның басқа мәселелері жатқаны анық. Дональд Трамп елдің қауіпсіздігіне қатер төнеді деп бүгінде желі қолдануышлары арасында кеңінен тараған танымал қосымшаның жұмысын тоқтату арқылы Қытайдың технологияларына қарсылығын білдірсе, Қытай үкіметі бағдарламаны жасаушыларға сатуға тыйым салу арқылы есе қайтарып отыр. Дегенмен Microsoft сияқты үлкен компаниялар бағдарламаның дамуына қатысты стратегияларын ұсынып, күштердің қақтығысын елемеуге тырысуда.
Reuters агенттігінің жазуынша, TikTok-ты сатып алушылар 4 жол ұсынып отырған көрінеді. Соның ішінде ByteDance-тің өзі қаласа, тауарды АҚШ-қа Қытай Сауда министрлігінің рұқсатынсыз-ақ сату бар. Мұндай әрекет бағдарламаның кілттік алгоритмдері сатылмаған жағдайда заң бұзуға жатпайды екен.
ByteDance-тің басшысы Анг Иминг те екі оттың ортасында қалғанын айтады. «Өткен айда АҚШ президенті Дональд Трамп бағдарламамыздың Америкада қолданылуына тыйым салатынын хабарлады. Біздің бағдарламамызды көбіне жасөспірімдер қолданады. Ол видео түсіруге ыңғайлы. АҚШ қорғаныс саласындағылардың айтуынша, бағдарламада жиналатын ақпарат Қытайға сатылуы мүмкін. Дегенмен біз ешбір келісімсіз ешқандай ақпаратты Қытай үкіметіне бермейміз», деді журналистерге.
Ал Қытай мынадай мәлімдемеге қатысты шетелге сатылмас бұрын үкіметтің рұқсатын алуы міндетті компаниялар тізімін жасады. Сарапшылар бұл тізімнің көшін TikTok бастайды деген-ді. Олардың болжамы дәл келіп, Қытай билігі бағдарламаның алгоритмі рұқсатты қажет ететін қосымша деп таныды.
Кәсіпкерлер мұны қисынсыз деп ойлайтынын білдірді. «Екі ел өз мүдделері үшін тартысуда, алайда екі арада нағыз жұмыс істеп жатқан жазықсыз кәсіпкерлер мен компаниялар жапа шегуде», дейді олар.
TikTok видео түсіруге арналған платформасы АҚШ-тан бөлек Үндістанда да тыйым салынған. Үнді үкіметі аталған бағдарламамен қатар тағы 59 қосымшаның жұмысын тоқтатты. Мұндай әрекетін елдің зайырлығы мен мемлекет қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті реттеу мақсатында деп түсіндірді. Ауғанстанда да қосымшаға қатысты дау шығып, әрі қарайғы жұмысы үлкен проблемаға айналды.
Трамптың былтырғы Huawei компаниясына қатысты санкциясы әлі күшін жойған жоқ. Енді ол қатарға бағдарлама қосылып отыр. Мұның шын мәнінде қауіпсіздік мәселесі ме, әлде сыныққа сылтау екені сарапшыларға да, саясаткерлерге де беймәлім. Бір белгілісі АҚШ-та Қытай өнімінің уақыт өткен сайын азайып бара жатқаны. Екі державаның тартысы тағы қандай жаңа ережеге негіз болары да әлем жұртшылығын алаңдатуда.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жамбыл облысының бас имамы Қордай ауданына барды
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Тоқаев Магдебургтегі терактқа байланысты Германия Президентіне көңіл айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Әлемде
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынған
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024