АҚШ Ресейдің «хакерлік шабуылдарын» айыптады
Осы аптадағы ең шулы оқиға - АҚШ Ресейдің алты азаматын кибералаяқтық жасады деген айыптады. Атап айтқанда, Ресей Бас барлау басқармасының (ГРУ) № 74455 бөлімшесінің офицерлері: Юрий Андриенко, Сергей Детистов, Павел Фролов, Анатолий Ковалев, Артем Очиченко және Петр Плискиндерге РФ мүдесіне кибералаяқтық жасады деген айып тағылып отыр.
Осы мәселеге қатысты тергеу екі жылдан аса жүргізіліп, 19 қазан күні Бас прокурордың ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісі Джон Демерс, FBI директорының орынбасары Дэвид Боудич, Пенсильвания аумағының Батыс бөлігінің прокуроры Скотт У. Брэди және FBI құзырлы агенттерінің қатысуымен өткен арнайы баспасөз конференциясында жұрт назарына ұсынылды.
«Бұл ГРУ-лық hacker-лер мен олардың итаршылары Ресей үкіметінің қолдауымен кибершабуылдар жасап, Украина, Гүржістанның құтын қашырып, Франциядағы т.б. елдердегі сайлауға іріткі салды», - делінеді департамент пресс-релизінде.
Осы арнайы баспасөз конференциясында Бас прокурордың ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісі Джон Демерс: «Ешбір ел дәл Ресей сияқты өз кибер мүмкіндігін әрі зәлімдікпен, әрі жауапсыздықпен өзгелерге қасақана залал келтіре отырып қолданған емес. — <…> Ешбір халық тап осылайша өзінің айырылған ұлылығын қайыра қалпына келтіре алмайды» деді.
Айыптауда кибершабуылда 2015 жылдың қарашасынан бастап, 2019 жылдың қазанына дейінгі аралықта BlackEnergy, KillDisk, Industroyer, NotPetya, Olympic Destroyer сынды залалды бағдарламалар қолданылғаны баса айтылады. АҚШ құзырлы орындары бұл компьютер шабуылдарды бір ғана топтың тарапынан жасалған бұрын соңды болмаған ең сойқанды кибер соққылар деп бағалайды.
«NY Times» газеті кибер қауіпсіздік аналитиктер арасында «Soul Knight» (Құм құрты) атанған № 74455 бөлімшесінің сарбаздары 2016 жылғы сайлауда Хиллари Клинтонның штабының электронды поштасын жымқыруға қатысты деп жазады. Әрі АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша бұрынғы кеңесшісі Томас Боссерттің сөзінен «ГРУ хакерлері ресей мемлекетінің стратегиялық бір бұтағы ретінде іс-әрекет етіп, кибер құралдарды әскери науқандағы әскери қару ретінде қолданады» деген дәйексөз келтіреді.
Дамыған Батыс осылай әлемдік деңгейде байбалам салып жатқанда, Орталық Азия елдерінің киберқауіпсіздігі қандай деңгейде деген күмәнді ойға қаламыз.
Әбіл-Серік Әлиакбар
abai.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Арманым, мені алдама!
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Жасанды интеллект: Қазақстан 50 озық елдің қатарына енді
- авторМағжан Орынбасар
- 7 қараша, 2024