Әлемде
АҚШ-та жүк ұшағы апатқа ұшырап, жеті адам қаза тапты
- авторБақытжан Бекболат
- 5 қараша, 2025
- 199
Бұл туралы The Guardian басылымы мәлімдеді
АҚШ-тың Кентукки штатында UPS компаниясына тиесілі жүк ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Билік өкілдерінің мәліметінше, кемінде жеті адам көз жұмған, тағы 11 адам жарақат алған. Гонолулуға бағыт алған McDonnell Douglas MD-11 ұшағы Луисвиллдегі Мұхаммед Әли атындағы әуежайдан көтерілген соң өнеркәсіп аймағына құлап, екі ғимаратты — қалдықтарды өңдеу орталығы мен автожөндеу шеберханасын соққан. Соқтығыстан кейін күшті өрт шыққан.
Ұшақ бортында болған үш экипаж мүшесі де қаза тапқан деп хабарланды. Құрлықта жүрген адамдардың да арасында мерт болғандар бар.
Қазір апаттың себебі анықталып жатыр. Әуежай уақытша ұшуларға жабылды.






