сенбі, 23 қараша, 2024 12:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АҚШ: Таулы Қарабақ бойынша гуманитарлық келісім дүйсенбі күні күшіне енеді

АҚШ: Таулы Қарабақ бойынша гуманитарлық келісім дүйсенбі күні күшіне енеді
ашық дереккөзі
АҚШ: Таулы Қарабақ бойынша гуманитарлық келісім дүйсенбі күні күшіне енеді
Таулы Қарабақ бойынша гуманитарлық келісім 26 қазан таңертең күшіне енеді. АҚШ, Армения, Әзербайжанның бірігіп жасаған ортақ мәлімдемесінде осылай деп жазылған. Мәлімдемеде бейбіт келісімнің 26 қазан жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 8-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңертеңгі сағат 10.00) күшіне енетіні айтылған. Өткен аптада АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Вашингтонда Армения және Әзербайжан сыртқы істер министрлерімен келіссөз өткізген. Тараптар қазан айының өзінде екі рет келісімге келетінін мәлімдегенмен атысты тоқтату режимін сақтамаған еді. Жексенбі күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Губадлы (Кубатлы) қаласының әзербайжан жағына өткенін хабарлады. Егер бұл ақпарат расталса, бұл 1990-жылдардан бері армян күштерінің бақылауында болып, 27 қыркүйектен бері Әзербайжанға қайтарылған төртінші аудан орталығы болмақ. Бұл аудан орталықтары Таулы Қарабақ аумағында орналасқан. azattyq
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар