АҚШ-тың Украинаға қару жеткізуі тоқтады: Киев тығырықтан шығар жаңа жол іздеуде
- авторБақытжан Бекболат
- 3 шілде, 2025
- 604

Осыған байланысты Киев енді жаңа жолды қарастырып жатыр – Украина еуропалық елдердің АҚШ-тан қару сатып алып, оны өзіне беруіне рұқсат сұрамақ, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Басылымға сұхбат берген алты дереккөздің айтуынша, бірнеше еуропалық мемлекет өздерінің қорғаныс бюджеті есебінен америкалық қару сатып алып, оны Украинаға табыстау мүмкіндігін қарастыруда. Бұл шығындар НАТО-ның қорғанысқа жұмсалатын қаражат межесіне есептелуі мүмкін.
Дегенмен, бұл бастамаға АҚШ үкіметі келісім беруі тиіс. Қазір бұл мәселе екі жақты талқыланып жатыр. Вашингтон жаңа тәсілге келісер-келіспесі әзірге белгісіз. Politico жазғандай, мұндай өзгерістер Ресейдің жазғы шабуылы аясында жедел қолға алынып отыр. Әсіресе, солтүстік-шығыстағы Сумы бағытына баса-көктеп кірген Ресей кейбір маңызды кен орындарын бақылауына алған.
Осы арада АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының мүшесі, республикалық партия өкілі Брайан Фицпатрик Пентагонның Украинаға қару жеткізілімін тоқтатқаны туралы мәліметтерге байланысты Ақ үй мен Қорғаныс министрлігінен жедел брифинг өткізуді талап етті.
Оның айтуынша, АҚШ билігі қару мен оқ-дәрі қорын қайта қарап шығып, Украинаға аса қажет ресурстарды жеткізуге әлі де толық ниетті екендігін нақты көрсетуі тиіс.
"Бұл – халықты қорғау мен еркіндік үшін күресті қолдау жолындағы маңызды қадам", – деді Фицпатрик.