сенбі, 26 шілде, 2025 6:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай жартылай финалға жолдама алды

Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай жартылай финалға жолдама алды
olympic.kz
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогында ел намысын қорғап жатқан Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ширек финалда жерлесіміз АҚШ құрамасының өкілі Малакай Джорджеспен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің алғашқы раундында америкалық боксшы белсенділік танытып, ұпай санымен алға шықты. Алайда, Тоғамбай келесі раундтарда қарсыласынан басым түсіп, өз тактикасын сәтті жүзеге асырды.

Тартысты кездесудің нәтижесінде Сағындық Тоғамбай төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, кемінде қола медаль иеленуді қамтамасыз етті.

Енді ол финал жолдамасы үшін шаршы алаңға қайта шығатын болады. Сағындыққа сәттілік тілейміз!

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар