сәрсенбі, 16 шілде, 2025 4:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мен Қытай «жасыл» энергетикада әріптестікті кеңейтпек

Қазақстан мен Қытай «жасыл» энергетикада әріптестікті кеңейтпек
Үкіметтің баспасөз қызметі
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Олжас Бектенов «Хунань Цзюньсинь Хуаньбао» басшысы Дай Даогомен «жасыл» энергетика саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық «Хунань Цзюньсинь Хуаньбао» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даогомен кездесу өткізді.  Онда «жасыл» энергетика және қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

«Хунань Цзюньсинь Хуаньбао» – Қытайдың жасыл технологиялар саласындағы көшбасшыларының бірі. Кездесу барысында қалдықтарды қайта өңдеу бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары қаралды.

Премьер-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экологиялық жаңғырту мен орнықты дамудың маңыздылығына баса назар аударып отырғанын атап өтті. Қазақстан «жасыл» трансформацияны мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде қарастырады. Бүгінгі таңда елімізде Waste to Energy тетігі бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық база бар. Үкімет осы саладағы халықаралық технологиялық компаниялармен ынтымақтастыққа ашық.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимылға мүдделілігін жеткізді және серіктестік қатынастарды кеңейту әлеуетін атап өтті.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар