бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 19:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ақылды маскалар» вирустан қорғай ала ма?

«Ақылды маскалар» вирустан қорғай ала ма?
ашық дереккөзі
«Ақылды маскалар» вирустан қорғай ала ма?
Пандемияның белең алып, күллі адамзатты сансыратуы әлі де тоқтар емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кеселді індеттен қорғануда медициналық маскалар мен қорғаныштық құралдарды қолдануды міндеттейді. Осы орайда заманауи технологиялар негізінде әзірленген «ақылды маскалар» жөнінде естуіңіз бар ма?
Кәрі құрлық елдерінде коро­на­вирус эпидемиясының өр­шуіне байланысты ауруханаларда қорғаныс құралдарының жетіс­пеушілігі байқалды. Сондықтан дәрігерлер дайвинг бетпердесін қолдана бастаған. Италия меди­циналық мекемелері дәрігер Ре­нато Фавероның ұсынысымен әзірленген дайвинг бетпердесін қазірдің өзінде ақ халатты абзал жандар игілігіне пайдалануда. Бір қызығы, 3D басып шыға­ратын құрылғының көмегімен жоғары әрі тиімді медициналық сүзгілерді орнатуға мүмкіндік беретін арнайы адаптер әзір­ленген. Вирустан қорғануда кә­дуілгі ме­дициналық маскадан кем болмайтын бұл маскаларды АҚШ-тың Өнімдер мен дәрі-дәрмектерді бақылау жөніндегі агенттік те ма­құлдап отыр. Дай­винг бетпер­делері қорғаныс құ­ралдары ретінде өте жақсы жұмыс істейді. Мұқият дезинфекциялаудан кейін оларды қайта пайдалана беруге де болады. Ал Сингапур ғалымдары коро­навирустық инфекцияның бел­гілерін анықтайтын бетперде ой­лап тапқан еді. Онда адамның пульсі, дене қызуы, қысым және оттегі деңгейі сияқты маңызды бел­гілер туралы ақпарат жинай­тын датчиктер орнатылған. Әр жарты сағат сайын датчиктер адамның денсаулығы туралы мәліметтерді ұялы телефондағы арнайы қо­сымшаға жібереді. Ол арқылы дә­рігерлер науқастың жағдайын бақылай алады. Датчиктерді қор­ғаныс құралдарымен бірге жууға, тіпті бір маскадан екін­ші­сіне ауыстыруға болады. Қазіргі уақытта аталған масканың бағасы 36 АҚШ долларынан асады, ал өндіріс барысы дами түссе, 14,6 долларға дейін төмендеуі мүмкін. Осы орайда елімізде жаһан жұр­тынан қалыс қалмай, ел игі­лігіне медициналық маскаларды әзірлеуде. Отандық Qamqor Tech компаниясы израильдік Sonovia компаниясымен бірлесе отырып, елордада SONOMASK атты вирусқа және бактерияларға қарсы медициналық маскалар өн­дірісін іске қосты. Израиль техно­логиясымен әзірленетін маска вирус пен бактериядан қорғап қана қоймай, тіпті, оларды жойып жібере алады. Медициналық маскалар бірегей патенттелген ультрадыбыстық тех­нология негізінде Назарбаев Уни­верситеті жанындағы технопаркте шығарылады. Шығарылған маскалар бактерияларды 99,99% және вирустарды 98,89% жоюға кепілдік береді. Айта кетерлігі, бұл әлемнің әртүрлі ірі ғылыми-зерттеу орталықтарының зертхана­лық зерттеулерімен расталған. Әзірлеушілердің айтуынша, мас­калар халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Медициналық маскаларды өндірушілерге керағар пікірлер де азаймай отыр. Мәселен, Жапо­нияның Киодо агенттігі ғалам­шар экологиясы үшін бір рет қол­­данылатын медициналық мас­калардың қауіптілігі туралы айтады. Пандемиямен күресу аясында медициналық маскаларды сату науқаны көш басында тұр. Сон­дықтан оларды әлем халқы осы аптап ыстық мезгілде де қолданып келеді. Киодо агенттігінің пікірінше, жаһан жұртында мұндай биология­лық қауіпті қалдықтарды қалай кәдеге жарату керектігі туралы тү­сінік қалыптаспаған. Кейбір елде қоқысты дұрыс жою үшін ешқандай жағдай жоқтығын да сөз етеді. Агенттік әлемнің әр түк­­­­піріндегі басылымдардың сө­зін келтіріп, Күншығыс елінің жағалауында бірреттік маскалар су айдынында қалқып жатқанын айтады. Медициналық қалдықтар саны Түркия мен Еуропа елде­рінің жағалауларында жиі бай­қала бастаған. Ал Франция эко­логтерінің айтуынша, теңіз бен мұхит суларында көп ұзамай медузалар емес, маскалар шоғы­рын көруге қорқатынын мәлім­дейді. Себебі мұндай маска қал­дықтары адамның жейтін асынан және балықтың ішек қуысынан табылған. Бұл микроплас­тика бөл­шектеріне ыдырау үшін жүз жылдан астам уақыт қажет. Әр алуан пікірлер тоғысы, әрине, бізді сан-саққа жүгертері анық. Алайда денсаулығыңызды сақ­тап, иммунитетіңізді нәрлі тағам­дармен толтырған құптарлық болар еді.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар