жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлемде миллиардерлердің қатары көбейеді

Әлемде миллиардерлердің қатары көбейеді
istockphoto.com
2025 жылы әлемдегі долларлық миллиардерлер қатары 287 адамға көбейді. Бұл — соңғы жылдардағы ең ірі өсімдердің бірі.

Швейцариялық UBS банкінің жүргізген есебіне сүйенсек, жаңадан қосылған миллиардерлердің 196-сы байлығын өз еңбегімен жасаған, ал 91-і мұрагерлік арқылы байыған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Өз күшімен байыған ауқаттылардың жиынтық капиталы 386,5 млрд долларға жетсе, мұра түрінде келген байлық көлемі рекордтық 298 млрд долларды құрады.

UBS сарапшылары алдағы 15 жылда миллиардерлер мұрагерлеріне кемінде 5,9 триллион доллар қалдырады деп болжайды.

Байлар ең көп шоғырланған ел — АҚШ. Мұнда миллиардерлер саны 924-ке жетіп, әлемдік тізімнің үштен бірін иеленеді. Биыл елде 109 жаңа миллиардер пайда болып, тағы 18 адам рейтингтен шығып қалған.

Екінші орында Азия–Тынық мұхиты аймағы. Бұл өңірдегі байлардың жиынтық дәулеті 11,1% өсіп, 4,2 триллион долларға жетті. Үштікті Еуропа, Таяу Шығыс және Африка аймағы түйіндейді — мұнда жалпы байлық 10,4% ұлғайып, 4,1 триллион доллар болды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар