Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025
- 698
Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді
«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 5–6 желтоқсан күндері Жамбыл облысының аумағында кей уақыттарда тұман түседі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ауа райының құбылуына байланысты көріну қашықтығы төмендеп, жолдарда қозғалыс қиындауы мүмкін.
Сонымен бірге, облыста оңтүстік-батыстан соғатын жел біртіндеп оңтүстік-шығысқа ауысады. Таулы аймақтарда желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.
Тараз қаласында да осы күндері арагідік тұман түсетіні күтілуде.
Келесі мақала
Голливуд жұлдызы өмірден озды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Таразда сотталғандар арасында Ұлттық киім күні аталып өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 наурыз, 2026





