жұма, 22 қараша, 2024 23:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Америкада Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні атап өтілді

Америкада Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні атап өтілді
ашық дереккөзі
Америкада Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні атап өтілді
Америкалық беделді бейбітшілік және ядролық қарусыздану жөніндегі "Arms Control Association" үкіметтік емес ұйымы "Center for Policy Research" (SUNY-Albany) зерттеу орталығымен бірлесіп, 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай арнайы виртуалды брифинг өткізді.  

Іс-шараның ашылуында Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Қазыханов осы датаның Қазақстан үшін символикасы мен маңыздылығын атап өтті. Семей ядролық сынақ полигоны 1991 жылы 29 тамызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен жабылғаны мәлім. Сондай-ақ, Қазақстанның Елшісі Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісімді алғашқы әмбебаптандыру ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізудің таптырмас шарты болуы қажеттігін жеткізді.

Америкалық және халықаралық сарапшылар ядролық сынақтарға жаһандық мораторийді сақтау және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту бойынша тиімді шаралардың, сондай-ақ Қазақстанның жаппай таратпау және қарусыздану саласындағы кеңінен қолдау тапқан бастамаларының өзектілігін атап өтті.

Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн 29 тамызда атап өтіледі. Ол Қазақстанның бастамасымен 2009 жылы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясында 64/35 қарарымен бірауыздан қабылданды.

 
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар