сенбі, 23 қараша, 2024 4:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Армения мен Әзербайжан арасындағы қазіргі жағдай қандай?

Армения мен Әзербайжан арасындағы қазіргі жағдай қандай?
ашық дереккөзі
Армения мен Әзербайжан арасындағы қазіргі жағдай қандай?

10 қазанда Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығысқа нүкте қойылған еді. Ресейде өткен кеңесте екі ел жанжалды тоқтатуға келіскен болатын. Алайда тараптар бір-бірін айыптап, оқ жаудыруды әлі тоқтатпаған. Армения мен Әзербайжандағы жағдай қандай?

9 қазанда Армения мен Әзербайжанның Сыртқы істер министрлері Ресейге Таулы Қарабақ қақтығысы бойынша кеңеске шақыртылды. Кездесу толығымен жабық форматта өтті, келіссөздер басталғанға дейін тараптар мәлімдеме жасаған жоқ. 10 сағаттан аса уақытқа созылған кездесуге Ресей, Армения және Әзербайжанның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров, Зохраб Мнацаканян және Джейхун Байрамов Мәскеуде кездесті.

Кездесу кезінде Әзербайжан мен Армения Қарабақтағы қақтығысты 10 қазан сағат 12:00-ден бастап тоқтату туралы келісімге келген болатын. Бұл туралы Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров хабарлады. Ол қақтығысты тоқтатудың нақты ережелері бөлек келісілетінін айтты.

"Әзербайжан және Армения Республикасы ЕҚЫҰ Минск тобының төрағаларының көмегімен бітімгершіліктің негізгі қағидаттары негізінде бейбіт келісімге тезірек жету мақсатында субстантив келіссөздерді бастап жатыр", - деді Лавров.

 />
<em>Фото: facebook.com/ArmeniaMOD </em></p>
<p style=

Баку мен Ереван Қарабақта қақтығысты тоқтату күшіне енгеннен кейін қаза тапқандар мен тұтқындармен алмасуды бастауға келіскен болатын.

Бірақ артынша келісім жасалған күні Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақтағы байланыс сызығындағы Тертер мен Агдам елді мекендеріне Арменияның қарулы күштері оқ атып жатқанын мәлімдесе, ал Арменияның Қорғаныс министрлігі Әзербайжан тарапы атыс режимін бұзылды деп бір-бірін айыптады.

"Тертер мен Агдамға қарсылас тараптан оқ атылып жатыр", - деп мәлімдеді Әзербайжанның қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Арменияның Қорғаныс министрлігінің өкілі Арцрун Ованнисян Әзербайжан қарулы күштерінің ұшқышсыз ұшу аппараттарының зымыран соққысы Капанға жақын Артсваник ауылына құлағанын айтты. Бір адам қаза тапты.

Сонымен қатар, БАҚ беттерінде екі ел арасындағы қақтығысты тоқтату туралы келісім болғанына қарамастан әлі де оқ жаудырылып жатқаны туралы хабар тарады. РИА Новости мәліметінше, Таулы Қарабақтағы Степанакерт қаласына оқ атылған.

Видео: РИА Новости

Кем дегенде 15 жарылыс пен әуе дабылы естілген. Басқа агенттіктердің мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 23:30-да шамамен 7 жарылыс естілген. Болжамдарға сәйкес, ол саперлер қарусыздандыратын снарядтар болуы мүмкін.

Әзербайжанның Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 12 қазанға қараған түні жағдай шиеленісе түскен.

 />
<em>© REUTERS </em></p>
<p style=Министрлік мәліметінше, Армения қарулы күштері гуманитарлық атысты тоқтату режимін сақтамай, жоғалған позицияларды қалпына келтіру үшін бірнеше рет Әзербайжан әскері алдыңғы шептегі Агдар-Агдам және Физули-Джабраил бағытында шабуылдауға тырысқан.

"Жүргізілген шаралар нәтижесінде жаудың үш БМ-21 "Град" зымыран тасығышының, бір Т-72 танкінің және майданның әр түрлі бағытындағы бірнеше көлік құралдарының көзі жойылды", - делінген министрліктің ресми сайтында.

DW мәліметінше, Германия канцлері Ангела Меркель Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесіп, Баку мен Ереванды Таулы Қарабақтағы әскери қимылдарды тез арада тоқтатуға шақырды. Сондай-ақ Германия үкіметінің басшысы екі ел Мәскеудегі келісімді бұзбай, "оны барлық тарап ұстануы керегін" атап өткен.

 />
<em>© REUTERS </em></p>
<p style=

Еске салайық, 27 қыркүйекте таңертең Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленісті. Бірден Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Жағдай ушықты деген Армения мен Әзербайжан үкіметі де елдің бірқатар аймағында соғыс жағдайын енгізді.

Қарабақтағы жанжал 1988 жылдың ақпанында Таулы Қарабақ автономдық облысы Әзербайжан ССР-нің құрамынан шығатынын мәлімдеген кезде басталған. 1992-1994 жылдар арасындағы қақтығыс кезінде Әзербайжан Таулы Қарабақ пен оған іргелес жатқан жеті ауданды бақылау күшінен айырылған. 1992 жылдан бастап жанжалды бейбіт шешу мақсатында үш төраға - Ресей, АҚШ және Франция бастаған ЕҚЫҰ-ның Минск тобы аясында келіссөздер жүргізіліп келе жатыр. Әзербайжан өзінің аумақтық тұтастығын сақтауды талап етсе, Армения мойындалмаған республиканың мүдделерін қорғайды, себебі Таулы Қарабақ Республикасы келіссөздер тарапына жатпайды.

  tengrinews.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар