жұма, 22 қараша, 2024 23:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қаржы пирамидасын қалай анықтауға болады?

Қаржы пирамидасын қалай анықтауға болады?
ашық дереккөзі
Қаржы пирамидасын қалай анықтауға болады?

Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті қаржы пирамидаларын анықтаудың әдісін бөлісті.

Комитеттің дерегіне сүйенсек, Батыс Қазақстан облысында зардап шеккен азаматтардың 612 млн теңгеден астам қаражатына қаржы пирамидасын ұйымдастырған «R.O.I. Club» ЖШС қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеліп жатыр. Ал еліміздің 5 өңірінде номиналды құны 15 мың теңге немесе одан жоғары «сертификаттар» сату арқылы халықтан ақша тарту схемасын жасап, іске асырған «B2B Jewelry» зергерлік бұйымдар дүкендері басшыларына қатысты іс бойынша Алматыда тергеу басталған. Осы уақытқа дейін 10 мыңнан астам зардап шеккен адам анықталды, қаржы пирамидасын құрғандар оларға 250 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Комитет мамандары қаржы пирамидасын құру және басқаруға ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Тағы бір назарда ұстайтын мәселе, әдетте, қаржы пирамидасына қосылу ерікті түрде және заңды қолдаусыз жүзеге асады. Бұл инвестицияның қайтарылуына ешкім кепілдік бермейді деген сөз. Олай болса, қаржыңызды қаржы пирамидасына құйып отырғаныңызды анықтау үшін неге мән беру керек? Қаржы пирамидасының қандай белгілері бар? 1. Жоғары табысты қамтамасыз ету уәдесі бір рет, онда да ұйымға тарту үшін орындалуы мүмкін, бірақ одан да көп қаражаттан айырып қалу қаупі өте жоғары. 2. Компания шынайы экономикалық немесе инвестициялық қызметпен айналыспайды. Пирамидалар өзін бастапқыда тауарлық, несиелік, туристік, құрылыс компаниялары ретінде таныстырады. Алайда, шындап келгенде, ескі салымшыларға барлық төлемдер жаңа салымшылардың жарнасы есебінен төленеді. 3. Жобалардың материалдық-құқықтық базасы жоқ, яғни, бұл компаниялар жаңадан құрылған, қаржылық есептілікке ие емес, келісімдер жасамайды немесе келісімдер тек ұйымдастырушылардың пайдасын көздеп жасалған әрі ҚР заңнамасына сәйкес келмейді. 4. Компанияның қызметі шектен тыс жан-жақты болып келеді, осы айла арқылы компания айқын әрі нақты қызметінің жоқтығын жасырады. 5. Әлеуметтік желілердегі белсенді әрі мезі қылатын жарнама. Осындай жарнаманы тарату «Жарнама туралы» заңға сәйкес мүмкін емес болғандықтан, аталмыш заңсыз бизнестің барлығы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кеңінен таралады. 6. Қаржы реттеушісінен алған лицензиясының болмауы. Кез келген салым егер сыйақының мерзімі мен мөлшерлемесі көрсетілген болса депозит болып саналады. Халықтан салым алу үшін ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы қажет, мысалы, мұндай лицензия екінші деңгейдегі банктерде бар. «ҚР екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» ҚР Заңына сәйкес банктер халықпен жұмыс істеп, салынған қаражаттың қайта берілуіне кепілдеме береді. Ал қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары заң бізден лицензияны қажет етпейді деуі мүмкін. Бірақ олар жалған сөйлеп тұр. Егер сізде қаржы пирамидасының қызметіне қатысты болуыңыз жайлы күмәні туындаса, Комитетке келесі сенім телефондары арқылы хабарласыңыз: 8 (7172) 708-478, 8 (7172) 709-920.

 

Тұмар МЫРЗА

aikyn.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар