жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында қанды қақтығыс: ондаған сарбаз қаза тапты

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында қанды қақтығыс: ондаған сарбаз қаза тапты
Reuters
Оқиғадан кейін екі ел арасындағы шекара уақытша жабылды

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында қарулы қақтығыс болып, ондаған әскери қаза тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ауғанстан тарапы Пәкістанның 58 сарбазы мерт болғанын мәлімдеді, ал Пәкістан билігі 23 әскери қызметкердің қаза тапқанын растады. Сонымен қатар, ауған жағынан да адам шығыны болғаны айтылды.

Қақтығыс Пәкістанның ауған аумағына әуе соққысын жасағаннан кейін басталған. Бұған жауап ретінде ауған күштері шекара бекеттеріне қарулы шабуыл ұйымдастырған. Екі тарап та бір-бірінің шекаралық нысандарына соққы беріп, нәтижесінде Торхам мен Чаман өткелдері уақытша жабылды.

Бұл – «Талибан» билікке келгеннен бергі екі ел арасындағы ең ірі қарулы текетірестердің бірі. Сарапшылардың айтуынша, бұл жағдай аймақтағы тұрақтылыққа қатер төндіріп, сауда және гуманитарлық байланыстарға кері әсер етуі мүмкін.

Қазір атыс тоқтағанымен, шиеленіс толық шешімін тапқан жоқ.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар