Әлемде
Ауа райы рекорд жаңартты: бұрын-соңды болмаған аптап ыстық тіркелді
- авторБақытжан Бекболат
- 3 шілде, 2025
- 1178

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, 30 маусым күні термометр бағаны +37,9 градусқа дейін көтерілген.
Испанияның ең ірі қалаларының бірі Барселонада соңғы 100 жылда болмаған аптап ыстық тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, 30 маусым күні термометр бағаны +37,9 градусқа дейін көтерілген. Бұл — Барселонаның шығыс бөлігінде соңғы ғасырдағы ең жоғары температура.
Испанияның метеорологиялық қызметі (AEMET) мұны 1914 жылдан бері тіркелген ең ыстық маусым деп бағалап отыр. Биылғы маусымның орташа температурасы 26 градусты құрап, алдыңғы рекорд – 2003 жылғы 25,6 градустан асып түсті.
Айта кетейік, Еуропаның бірнеше елі — Италия, Германия, Бельгия және Франция да аптап ыстықтың салдарын сезініп отыр. Осыған байланысты аталған мемлекеттерде тұрғындарды қорғайтын түрлі шаралар қолға алынуда.
Келесі мақала