сейсенбі, 15 шілде, 2025 21:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«СҚ-Фармация» басқармасына жаңа басшы тағайындалды

«СҚ-Фармация» басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
«СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьюторы 2009 жылы Үкімет қаулысымен құрылған.

СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып Нұрлыбек Асылбеков тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Нұрлыбек Асылбеков жаңа қызметке дейін Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасын басқарған. Ол 1966 жылы 24 маусымда дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент қаласындағы филиалы, М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

Мамандықтары — провизор, заңгер және экономист.

Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы «Фармация» АҚ-да провизор-технолог және бас маман қызметінен бастаған.

2002-2020 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитеті мен басқа да құрылымдарда түрлі басшылық қызметтер атқарған. Әр жылдары Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде, Фармация комитетінде, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінде төраға орынбасары болды. Сондай-ақ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының бас директорының кеңесшісі қызметін атқарған.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар