"Қазақстан темір жолы" компаниясына жаңа басшы тағайындалды
- авторБақытжан Бекболат
- 3 шілде, 2025
- 467

Бұған дейін ол басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жаңа Басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновті ұжым қызметкерлеріне таныстырды.
Талғат Алдыбергенов — темір жол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. Сонымен қатар Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының экономика магистрі (қызыл диплом) және экономика ғылымдарының кандидаты.
Ол еңбек жолын жұмысшы қызметтерінен бастап, топ-менеджер деңгейіне дейін көтерілген.
1992–1998 жылдары Батыс Қазақстан темір жолында тауар кассирі, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы, станция бастығының орынбасары, аға жол коммерциялық ревизоры болып жұмыс істеген.
1998–2007 жылдары әртүрлі көліктік-логистикалық құрылымдарды басқарды: "ҚТЖ" АҚ-ның Ақтөбе филиалының басшысы, "Қазтранссервис" директоры, "ҚазМұнайГаз Сауда үйі" ЖАҚ көліктік логистика департаментінің директоры.
2008–2019 жылдары – "Кедентранссервис" АҚ президенті, "АвтоГазАлматы" ЖШС Бас директоры, "Kazakhmys Maker" ЖШС басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.
2024 жылдан бастап – "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.