сейсенбі, 21 сәуір, 2026 16:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы теміржол тасымалы қарқынды өсуде

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы теміржол тасымалы қарқынды өсуде
ҚТЖ
Қазақстан мен Ауғанстан теміржол саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруда

Астанада темір жол ынтымақтастығы ұйымының кеңесі алаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Алдыбергенов Ауғанстан Қоғамдық жұмыстар министрінің темір жол көлігі мәселелері жөніндегі орынбасары Сахебзада Мавлави Мұхаммед Исхакпен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тараптар жүк тасымалдау мен инфрақұрылым мәселелерін қоса алғанда, екіжақты салалық ынтымақтастықты дамытуды талқылады. 

Келіссөздер барысында жүк тасымалы көлемі тұрақты өсім көрсетіп отырғаны атап өтілді: 2026 жылдың алғашқы 3 айында бұл көрсеткіш 77% артып, 1 млн тоннаны құрады. Экспорт пен транзит көрсеткіштерінің өсуі, сондай-ақ қазақстандық астықты, қара металдарды, химиялық, минералды тыңайтқыштар мен ұнды жеткізудің айтарлықтай кеңейе түскені атап өтілді. 

Мысалы, қазақстандық ұнның Ауғанстанға экспорты 291 мың тоннаға дейін өссе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37% артық.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға бағытталған ынтымақтастықты жалғастыру ниеттерін қуаттады.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар