сенбі, 19 шілде, 2025 12:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жалған олимпиадалардан абай болыңыз: министрлік ресми мәлімдеме жасады

Жалған олимпиадалардан абай болыңыз: министрлік ресми мәлімдеме жасады
фото: әлеуметтік желіден
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Педстарт» атты ақылы олимпиаданы ұйымдастыруға ешқандай қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді.

  Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы «Педстарт» атты олимпиадаға қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында үндеу жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрлік білім беру ұйымдарын тек ресми тізімге енген олимпиадаларға ғана қатысуға шақырады.

Құрметті педагогтер! Соңғы уақытта мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде «Педстарт» атты олимпиаданың ақылы негізде өткізілетіні жөнінде ақпарат таралуда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұл олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге ешқандай қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдейміз.

Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Ал Министрліктің фирмалық бланкін заңсыз пайдаланып, жалған хабарлама таратқан тұлғалардың әрекеті – заңға қайшы. Осыған орай, білім беру ұйымдарының басшыларын және педагогикалық ұжымдарды қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Оқу-ағарту министрлігі ұсынбаған, ақылы әрі күмәнді олимпиадалар мен байқауларға қатысуға жол бермеуге шақырамыз.

Министрлік ұсынған олимпиадалар мен байқаулардың тізімі №514 бұйрықпен бекітілген. Тек осы тізімге енгізілген іс-шаралар ғана педагогтердің аттестациясы кезінде есепке алынады.  Баршаңызды абай болуға шақырамыз. Осындай жағдайлар анықталғанда дереу өңірлік білім беру ұйымдарына немесе Білім саласында сапасын қамтамасыз ету комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз, - деп жазды Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар