бейсенбі, 5 ақпан, 2026 14:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мен Пәкістан көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Пәкістан көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Aqorda
Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапары аясында көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар маңызды үкіметаралық құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Атап айтқанда, төмендегі құжаттар қабылданды:

    Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Федералды теңіз ісі министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

    Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Федералды теміржол министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

    Ақтау порты мен Карачи порты арасындағы ақпарат алмасу және кәсіби даму саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум.

Қабылданған құжаттар екіжақты өзара іс-қимылдың нақты практикалық нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған. Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және транзиттік тасымалдар көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін бірлескен көлік-логистикалық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылады.

Келіссөздер барысында Пәкістанның өңірдегі маңызды логистикалық және транзиттік хаб ретіндегі рөлінің артып келе жатқаны атап өтілді. Бұл Қазақстан үшін халықаралық нарықтарға шығудың қосымша әрі баламалы бағыттарын ашуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ тараптар Карачи және Гвадар порттарының әлеуетін, «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізін дамыту перспективаларын, сондай-ақ Ауғанстан аумағы арқылы өтетін транзиттік маршруттарды талқылады. Басым бағыттардың бірі ретінде Қазақстан – Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан бағыты бойынша теміржол жобасын іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар