сенбі, 5 қазан, 2024 20:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақтың киіз үйіне тәнті болған америкалықтар заманауи ғажайып үй тұрғызуда

Қазақтың киіз үйіне тәнті болған америкалықтар заманауи ғажайып үй тұрғызуда
ашық дереккөзі
Қазақтың киіз үйіне тәнті болған америкалықтар заманауи ғажайып үй тұрғызуда

АҚШ елінің тұрғындары арасында қазақтың киіз үйіне күн санап сұраныс артуда .

Қазақ елінің киіз үйіне ерекше тәнті болған америкалықтар оны қайта жаңғыртып, заманауи нұсқадағы киіз үйлер тұрғыза бастаған.   Бұл керемет киіз үйді АҚШ-та тұратын Зак пен Николь есімді ерлі-зайыпты 2019 жылы салып шыққан. Олардың жобасы әлем назарына ілігіп, Living Big In A Tiny House атты YouTube каналында бейнеролик жария болады.

9 метрлік киіз үйде барлық ыңғайлықтар қарастырылған. Замануи стильде салынған киіз үйді қалай тұрғызу керектігін ерлі-зайыпты көпшілікке көрсетіп те жүр. Colorado Yurt деп аталатын компания АҚШ елінде 30 жылдан астам уақыт киіз үй салумен айналысып келеді.

Небәрі бірнеше тәулікте киіз үй тұрғыза алатын компания, тіпті оған әжетхана, жарық, асүй сынды ыңғайлықтар да орнатып бере алады екен. Компанияның ресми сайты өздері тұрғызған киіз үйлердің суреттерін жария етіпті.

Ал АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Cherry Hill атты саябақта киіз үйді бизнеске айналдырғандар бар. Олар сегіз адамға дейін сыятын киіз үйге жарық, кондиционер, тоңазытқыш, тегін вай-фай, монша сынды керек-жарақты орнатып, киіз үйді жалға беруде.

nur.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар