жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

AZAL ұшағының апатына қатысты Путиннің мәлімдемесі жарияланды

AZAL ұшағының апатына қатысты Путиннің мәлімдемесі жарияланды
Фото: president.az
Путин мен Әлиев Душанбе қаласында өткен «Орталық Азия – Ресей» саммиті мен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы аясында кездесті.

Ресей президентінің айтуынша, 2024 жылдың 25 желтоқсанында «Әзербайжан әуе жолдарына» тиесілі Embraer E190 ұшағының апатқа ұшырауына «бірнеше фактор» себеп болған. Олардың қатарында — Ресей әуе кеңістігінде украин ұшқышсыз аппараттарын бақылау әрекеті және ресейлік әуе қорғаныс жүйесіндегі «техникалық ақаулар» бар, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Әзербайжанның мемлекеттік «АЗЕРТАДЖ» агенттігіне сілтеме жасап.

Путиннің сөзінше, әуе қорғаныс жүйесінен атылған екі зымыран ұшақты тура соқпаған, әйтпесе ол оқиға орнында-ақ құлар еді. Ұшақтың зақымдануына, шамасы, зымырандардың бөлшектері әсер еткен. Өз кезегінде Ильхам Әлиев апатқа байланысты жағдайды «жеке бақылауда ұстағаны үшін» Путинге алғысын білдірді.

Путиннің Тәжікстанға сапары Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың Ресей президентіне ордер беруі жағдайында өтті. Бұған дейін Human Rights Watch ұйымы Душанбе билігін ордерді орындап, Путинді тұтқындауға шақырған. Алайда Рим статутын ратификациялаған Тәжікстан бұл талапты елемей, президент Эмомали Рахмон Путинді әуежайда жеке қарсы алды.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар