сейсенбі, 10 ақпан, 2026 12:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бангладеште Нипах вирусынан бір адам көз жұмды

Бангладеште Нипах вирусынан бір адам көз жұмды
istockphoto.com
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл деректі ресми түрде растады.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, Бангладеште сирек кездесетін, бірақ аса қауіпті саналатын Нипах вирусынан бір тұрғын қайтыс болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл деректі ресми түрде растады.

Әйелдің жағдайы қаңтардың үшінші онкүндігінде күрт нашарлаған. Алғашында тұмауға ұқсас белгілер байқалып, дене қызуы көтерілген. Арада бірнеше күн өткен соң жүйке жүйесінің бұзылуы байқалып, науқас есінен танып, құрысуға түскен. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, бір аптадан кейін ол көз жұмды.

Зерттеу нәтижелері оның Нипах вирусын жұқтырғанын көрсетті. Мамандар марқұмның ел аумағынан шықпағанын айтады. Алайда инфекция таратуы мүмкін деп саналатын шикі финик пальмасы шырынын тұтынғаны анықталған. Қазіргі таңда онымен жақын байланыста болған ондаған адам дәрігерлердің қадағалауына алынды.

Аймақтағы жағдай Үндістанның Батыс Бенгалия өңіріндегі ұқсас оқиғалардан кейін ерекше бақылауға алынып отыр. Бұл елде вирус медицина қызметкерлерінен де табылған. Осыған байланысты Азияның бірнеше мемлекеті әуежайлар мен шекара бекеттерінде санитарлық тексеруді күшейтті.

ДДҰ дерегінше, Нипах вирусы өлім-жітімі өте жоғары қауіпті індеттер қатарына жатады. Қазіргі таңда оған қарсы екпе де, арнайы емдеу тәсілі де жоқ. Вирус көбіне жарқанаттар арқылы тарайды, ал адамдар арасында жұғуы сирек болса да, мүлде жоққа шығарылмайды.

Соған қарамастан, халықаралық ұйым індеттің жаһандық деңгейде кең тарау қаупі әзірге төмен екенін мәлімдеп, сапарлар мен саудаға шектеу енгізуді қажет деп таппай отыр. Бұған дейін Қазақстан да алдын алу мақсатында шекарадағы бақылау шараларын күшейткен еді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар