сейсенбі, 10 ақпан, 2026 10:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Месси мен Роналду: Қос футбол жұлдызы бір командада доп тебуі мүмкін

Месси мен Роналду: Қос футбол жұлдызы бір командада доп тебуі мүмкін
Canva
Клубтың негізін қалаушылардың бірі, аты аңызға айналған Дэвид Бекхэм қазіргі заманның екі басты жұлдызы — Лионель Месси мен Криштиану Роналдуды бір командадан көруді армандайтынын жасырмады.

АҚШ-тың «Интер Майами» клубы португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдуды өз командасына қосып алуы мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Клубтың негізін қалаушылардың бірі, аты аңызға айналған Дэвид Бекхэм қазіргі заманның екі басты жұлдызы — Лионель Месси мен Криштиану Роналдуды бір командада көруді армандайтынын жасырмайды. Оның пікірінше, бұл тек спорттық жоба емес, бүкіл әлемдік футбол шоуының жаңа кезеңі болмақ.

Қазіргі таңда «Интер Майами» Роналдудың Сауд Арабиясындағы «Әл-Наср» клубындағы жағдайын жіті бақылап отыр. Дегенмен, мұндай трансфердің жүзеге асуы оңай емес. Біріншіден, футболшының қаржылық талаптары айтарлықтай жоғары. Екіншіден, Роналдудың Мессимен бір командада ойнауға қаншалықты дайын екені белгісіз.

Сауд Арабиясы да өз жұлдызын жібергісі келмей, барлық мүмкіндікті пайдалануға тырысуда. Соған қарамастан, уақыт өте келе келісімшарт төңірегіндегі жағдай күрделене түскен.

Әлем жанкүйерлері үшін Месси мен Роналдудың бір клубтың жейдесінде ойнауы — көптен бергі арман. Егер бұл жүзеге асса, футбол тарихындағы ең есте қаларлық сәттердің біріне айналары сөзсіз. Ал Роналдудың АҚШ чемпионатына ауысуы спорт әлеміндегі нағыз ғасырлық трансфер болмақ.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар