Бейрут айлағында тағы да өрт шықты
Бейрут айлағында тағы да өрт шықты.
Қалың түтінді теңіз айлағынан үш шақырым жерде байқауға болады. OTV жаңалықтарында хабарлағандай, өрттің шығу себебі порттағы қоқыстың жануынан болған десе, ал басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Duty Free аумағындағы ангарлардың бірінен өрт тұтанып, арты қызыл жалынға ұласқан.
Оқиға орнына жедел өрт сөндіру және әскери бөлімнің мүшелері келіп өртті ауыздықтаған.
Еске сала кетейік, 4 тамыз күні Бейрут портында жойқын жарылыс болып, жүздеген тұрғын үй мен көліктің сау-тамтығы қалмаған еді. Жарылыстың себептері 2014 жылы кеден қызметкері тәркіленген 2750 тонна аммиак селитрасының жарылуынан болған. Одан 190 адам қаза тауып, 6 мыңнан астам адам жарақат алған. Ливан астанасы апаттық аймақ деп танылып, қалаға 19 қыркүйекке дейін төтенше жағдай енгізілді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Тоқаев Магдебургтегі терактқа байланысты Германия Президентіне көңіл айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Әлемде
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынған
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024