Индонезияның Sriwijaya Air компаниясына тиесілі Boeing 737-500 ұшағы теңізге құлады. Индонезия үкіметінің хабарлауынша, 9 қаңтарда Джакарта әуежайынан көкке көтерілген әуе кемесі 4 минуттан кейін апатқа ұшыраған. Бортта 56 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған.
Әуежай қызметкерлері SJ182 рейс командирі апаттық жағдайға қатысты ешқандай белгі бермегенін мәлімдеді. Flightradar ақпаратына сүйенсек, 3 мың метр биіктікке көтерілген әуе кемесімен 4 минуттан кейін байланыс үзілген.
Индонезияның Көлік министрі Буди Кариа Сумади ақпаратты растап, борттың Мале аралының маңында құлағанын хабарлады. Сол түні әскер 23 метр тереңдіктен ұшақты тапты.
Апатқа ұшыраған ұшақ алғашқы рейсін 1994 жылы жасағаны белгілі болды. Яғни ұшақ 27 жыл бойы пайдаланылып келген.
Борттағы Понтианак қаласына бет алған 50 жолаушы қаза болды. Жолаушылардың оны – бала.
Оқиғаға куә болған жергілікті балықшылардың бірі BBC арнасына сұхбат беріп, мән-жайды айтып берген. Солихин деген азаматтың айтуынша, ұшақ бірнеше секунд ішінде құлаған. «Найзағай жарқылындай тез болды. Мән-жайды түсініп үлгермедік. Ұшақ Ява теңізіне құлай сала жарылды. Апат өте жақын жерде болды. Тіпті ұшақтың кей бөліктері біздің кеме маңына құлады», дейді.
Қазір Индонезияның Ұлттық іздеу-құтқару агенттігі іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әуе кемесі радарда соңғы рет Ява теңізі маңында көрінген. Boeing 737-500 ұшағы Джакартадан Понтианак қаласына бағыт алған. Жолаушылар тізімі әлі жарияланған жоқ. Сонымен қоса Sriwijaya Air компаниясы ұшақта шетелдік жолаушылардың болған-болмағаны туралы хабар бермей отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Байденнің Орталық Азия жөніндегі ұстанымы қандай?
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Магдебургтегі терактқа байланысты Германия Президентіне көңіл айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынған
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024