жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Димаш Құдайберген Мехикода қазақстандықтармен кездесті

Димаш Құдайберген Мехикода қазақстандықтармен кездесті
Сыртқы істер министрлігі
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Әлемге әйгілі эстрада орындаушысы Димаш Құдайберген Қазақстан Республикасының Мехикодағы Елшілігінде болып, қазақстандық диаспора өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Димаш Құдайберген Мехикоға 8 және 10 қазанда өткен концерттік қойылымдар аясында келген. Әншінің қойылымдары 25 мыңнан астам көрермен жинап, Латын Америкасындағы жанкүйерлері үшін маңызды оқиға болды. Тур барысында Қазақстан Республикасының ізгі ниет Елшісі ретінде әртіс өңірдегі еліміздің мәдениеті мен тарихын белсенді түрде насихаттады.

Қазақ дәстүрі мен мәдениетін ілгерілету аясында Елші Алмұрат Тұрғанбековпен тоғызқұмалақ ойнап, сондай-ақ бір жасар қазақстандық Халид Йылдыздың «тұсаукесер» рәсімі кезінде оған батасын берді.

Сонымен қатар, БҰҰ жанындағы Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет Елшісі ретіндегі миссиясы аясында Д. Құдайберген соғыстардың жойқын салдары туралы тотала келе, бейбітшілікке, өзара түсіністікке және қақтығыстардың алдын алу және тұрақтылықты ілгерілету бойынша бірлескен күш-жігер біріктіруге шақырды.

Жанкүйерлер әншіге, оның отбасы мен командасына терең ризашылықтарын білдіріп, көптеген кәдесыйлар мен тәттілер сыйлады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар