Еуроодақ 150 миллиард еуро көлемінде SAFE қорғаныс қорын құрды
- авторБақытжан Бекболат
- 28 мамыр, 2025
- 230

ЕО Кеңесінің мәлімдемесіне сәйкес, SAFE қоры мүше мемлекеттерге қорғаныс өнеркәсібіне бірлесіп инвестиция салуға жағдай жасап, еуропалық әскери-технологиялық және өндірістік әлеуетке шұғыл әрі ірі көлемде қаржы салуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com агенттігіне сілтеме жасап.
Қордың басты мақсаты – өндірістік қуаттарды ұлғайту, қажет жағдайда әскери жабдықтардың қолжетімді болуын қамтамасыз ету және ЕО-ның қорғаныс саласындағы кемшіліктерін жою арқылы Еуроодақтың жалпы қорғаныс қабілетін нығайту.
SAFE сонымен қатар ЕО-ға Украинаға қолдауды жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл ел бастан-ақ қордың құралдарына қатыса алады және өз қорғаныс өнеркәсібін осы бастама арқылы дамытуға мүмкіндік алады.
Қаржылық көмек мүше мемлекеттердің өтінімі бойынша ұзақ мерзімді несие түрінде беріледі. Бұл несиелер нарықтағыдан тиімді шарттармен ұсынылады. Алайда, мұндай қаржыны алу үшін елдер кем дегенде екі басқа мемлекетпен бірігіп, бірлескен сатып алуға қатысуы қажет.
Қаржыландыру екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
Бірінші санатқа оқ-дәрілер мен зымырандар, артиллериялық жүйелер, құрлықтағы ұрыс техникасы мен оны қолдайтын жүйелер, сондай-ақ киберқауіпсіздік құралдары кіреді.
Екінші санатқа әуе шабуылына қарсы және зымыраннан қорғану жүйелері, ұшқышсыз аппараттар мен оларға қарсы құралдар, стратегиялық қорғаныс кешендері, сондай-ақ ғарыштық технологиялар мен қызметтер жатады.
Ұқсас жаңалықтар
Ирандағы шиеленіс: Қазақстандықтар қауіпсіз аймаққа көшірілді
- авторБақытжан Бекболат
- 17 маусым, 2025