Елімізде
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
- авторБақытжан Бекболат
- 28 мамыр, 2025
- 699
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті және әзербайжан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
– Сан ғасырлық достыққа негізделген қазақ-әзербайжан қарым-қатынасы шынайы стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқаны қуантады. Бірлескен күш-жігеріміз арқылы жетістіктерімізді еселеп, сан қырлы мемлекетаралық ынтымақтастықты жаңа белеске шығаратынымызға сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас әзербайжан халқына бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Ара шаруашылығы – агроэкспортты дамытудың жаңа күшіне айналмақ
- авторБақытжан Бекболат
- 19 ақпан, 2026






