Әлемде
Франциядағы Ренн университетінде «Абайтану» пәні енгізіледі
- авторjambylinfo.kz
- 16 қыркүйек, 2020
- 178
Франциядағы Ренн университетінде «Абайтану» пәні енгізіледі
Франциядағы Ренн университетінде «Абайтану» пәнін енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ халықаралық әдебиет және тарих факультетінің студенттеріне қазақ ағартушылары мен зиялылары жайлы дәрістер оқылады. Игі бастаманы медицина ғылымының докторы, Ренн қаласындағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Жанар Авар-Төребаева қолға алды. Бұдан бөлек, Құрметті консул Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Ренн-Алматы бауырластығы аясында «АлРенн» квартетін құрған. Ұжым хакім Абай өлеңдерін француз тіліне аударған. 15 қарашада ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың ұсынысы бойынша Ренн университеті кітапханасына өзге де қазақ жазушыларының кітаптарын университет кітапханасына тапсырады. Айта кетейік, 2016 жылы Құрметті консул жергілікті билікпен келіссөздер жүргізіп, Ренн қаласындағы «Алматы» саябағынан Абай ескерткішін ашқызған. Жанар Авар-Төребаева, медицина ғылымдарының докторы: - Абай шығармаларын үлкен көлемде кітап қылып шығару үшін сол жақтың жазушыларымен аударып жатырмыз. Дүниежүзіне танытуымыз қажет. Қазақстанның жетістіктері жайлы кітапханаға жібереміз.
24.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жол ережесін бұзғандарға жаза ауыр
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Тоқаев Магдебургтегі терактқа байланысты Германия Президентіне көңіл айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Әлемде
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынған
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024